| Мектеп миссиясы Мектебіміз 2023 жылы құрылған. Мектеп миссиясы - қазіргі қазақ балаларына ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді дәріптеу. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан білім ордасы. Мектепте балалар тек қана сапалы білім алып қана қоймай, қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі мен тарихы туралы терең түсінік алады. Ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, әрбір оқушыға патриотизм мен адамгершілік құндылықтарын сіңіру басты назарда. Сыздықова Мария Қазбекқызы мектеп құрылтайшысы |
Токсанбаева Айтолкын Акканжаровна
Толығырақ
Оңдаған Айзада Абайқызы
Толығырақ
Нурланова Аяулым Рауанқызы
"Бата беру" дәстүрі
Бата- жақсылықтың бастауы.Бұл дәстүр- балалардың жүрегіне мейірім, бойына рух, болашағына сенім ұялатады.
Сабақ процессі
Жарық әрі заманауи жабдықталған сыныпта өткен оқу сабағында білікті ұстаз оқушылармен жүйелі әрі мазмұнды жұмыс жүргізеді. Сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылады.
Оқу үдерісінде интерактивті тапсырмалар, сұрақ-жауап және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық беріледі. Сабақ атмосферасы ынтымақтастыққа негізделіп, әрбір оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік жасалған.
Материал озық педагогикалық тәжірибені көрсетуге және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.